Ескі архив · 29.11.2011 15:31

Пенденің сиқы...

Баяғы Үміт... Тұтанады да, бықси-бықси лапылдап кетеді. Арманның(ат қойғыш елім ай — байқау керек қой, байқасаң — Үмітті әкпе(апа) қылып нем бар еді?) жынысында шаруам жоқ — елітеді, ынтық қылады, соңынан ертеді, себебі ол барлығымен қызықты. Ере бересің, ере бересің, елти бересің балқи бересің… Ол жерден бәрін табуға болады. Саналы, санасыз түрлері көп — мейлі ғой, бар болғаны қандай жақсы сол Арманның!? Арасында сен армандамаған нәрселер де көп. Мысалы — дәрет(хана)???! Жаратушымыз бітеу қылып жаратудың жолын таппаған сыңайлы. Өсімдік-жәндік-жануар тағы не қалды өзі? Біреусінің дәреті біреуіне тамақ… Қызық өзі! Еее, Адам демекшімісің? Оның жануардан(аюан) қай жері артық? Ақылы десең қателесесің. Артықшылығынан кеміп отыр емеспе? Іші пысып — жыртқыштануды(соғыс, ашкөздік-тойымсыздық...), байып алып құдаймен(болсам...) таласуды…… Сенбеймін дейсіз бе? Қараңызшы жан жағыңызға — тып тыныш нәпақаны бөліп жеп, жаратушыға құрмет қылуға не кедергі?(Діндарлар дараланбаңдаршы)
Авторы:
KILYZAMAN

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту