Ескі архив · 29.11.2011 12:01

Таныс болыңыздар: madlen

madlen — Маржан Тулеева — 1987 ж. 18 сәуірде ОҚО дүниеге келген. Қазығұрт ауданында мектепті бітіріп, Алматыдағы Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетіне түседі. Оны 2008 ж. аяқтайды. Қазір «Глобал Эйр — Американ Экспресс» авиатурагентсвосында ивэнт-менеджер болып қызмет жасайды. — КерекИнфоға қалай келдің? — Нақты есімде жоқ. Тіркелген күнім 09 ақпан 2011, 12:37 деп тұр. Дегенмен, көпшілік юзерлар сияқты Блогкэмптен соң келдім деп ойлаймын. Ал Блогкэмпке Салтанат (Балғырған) жетектеп алып келгені үшін оған үлкен рахмет айтамын. — Күніне неше рет кіресің? — Жұмыс күндері таңертеңнен кешке дейін отырамын. Демалыста көзімді аша салысымен керекті бір тексеріп шығамын. Керекинфосыз күндермді елестете алмаймын. Егер Керекинфоны әлеуметтік желі деп есептеуге болса, Керекинфо мен үшін ең күшті әлеуметтік желі. Кімнің сөзі еді осы… — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Маған тақырып емес, посттың авторы қызық. Яғни, өзім сүйіп оқитын авторларды ғана оқимын көбіне. Мысалы, Айжанның түсініксіз жанрдағы өлеңдері, Қисық пен Патиктің Киностаны, Бальзаминка мен Жаннаның елімізден тыс өмірі деген сияқты. Сосын Омарбраттың видеолары, Гастаның "үйтіңдер, бүйтіңдер" деген оқытулары, т.с.с. Мүмкін бұл жаңадан келген қолданушыларға әділетсіздік болып көрінер. Бірақ, солай. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Бөліп-жарып айта аламын: Сэмми ханымның, Мейіржанның, әрине Вениктің (пікірі тым біржақты болғаны үшін де қызық), Садық (әрқашан мені қолдап жүретіндіктен болар), Зере (өзінің пікірінен тайдыру өте қиын), АКУ (бір сөзбен қойып қалады). Қалғандар ренжімесін, барлығыңды да жақсы көрем! — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Жақын досыма және сіңліме оқытқызамын. Өздері де кіріп тұрады. Жалпы, Керекинфоны пиарить етіп жүрем, қай жерде жүрсем де. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Қауымдастықтарға модераторлар тағайындап қоюшы едім. Шектен тыс флудтау, адамның жеке басына өтіп кету деген сияқты заттарды қадағалап отыратын еді. Сосын, осыдан алдыңғы интерфейс тартымдырақ болатын. Мен соны қалдырушы едім.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту