Таныс болыңыздар: TERISKEY
TERISKEY — Нарымбетов Мейірбек — 1989 жылдың 28-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Ең алғаш интернеттен керекті ақпарат іздеп жүріп, кездесуден бір-ақ шықтым, алғашында онша түсініңкіремедім, содан бір күні тіркелдім. Келе-келе үйрене де бастадым. Кейінірек кездесуде жүргенде админнің дабай.кз атты еркін блог жүйесін ашқанын оқып, осында келдім. Айтпақшы, блог әлемінен аз да болса мені хабардар етіп, біршама нәрсе үйреткен Мейіргүлге (Ұшқын) алғысымды айтқым келеді.
— Күніне неше рет кіресің?
— Қолым қалт етсе болды, кіре берем, жалпы күні бойы отыра беретіндердің бірі шығармын.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Барлық тақырыптағылар ұнайды, соның ішінде «Менде керемет сюжет бар» қауымдастығының барлық жазбаларын оқуға асығып тұрам.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Сатыбалдының, Гастаның, Нұрбергеннің, Алтыградустың, АКУ-дің, Саммитаның, Қарасақалдың пікірлерін қызыға оқимын.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымнан әпкем ғана, оның өзінде анда-санда оқып тұрады екен, ал, таныстарымның көбісі осы сайтта жүр.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Егер мен админ болсам… Баяғыда жаяу мал бағып жүрген шопаннан президент болсаң, қайтер ең деп сұраса керек. Шопан: — мен президент болсам, малды атқа мініп жүріп бағар ем депті. Мен админ болмай-ақ қояйын.
