Ескі архив · 30.11.2011 17:56

Таныс болыңыздар: Delhi

Delhi — Бибінұр Чапайқызы, Батыс Қазақстан облысында, Шыңғырлау ауданында 29 мамыр 1983 жылы дүниеге келді. Ақтөбе Политехникалық Колледжі мен Қайнар университетінің түлегі. Бос уақытында жазда суда жүзгенді, қыста шаңғы тепкенді ұнатады. — КерекИнфоға қалай келдің? — КерекИнфоға Жастар.біз арқылы келдім. Ол жерге @bazuka алып келген еді, шәй ішеміз деп. Одан ол жерде жастар қалмады ғой, бәріне де КЕРЕК керек болды. Менде қалмадым) — Күніне неше рет кіресің? — Соңғы кездері көп кіріп жүрген сияқтымын, осы эстафета басталғалы. Түске дейін де түстен кейінде кіріп жүрмін. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Аспаздық тақырыбы, қолдан жасалынған бұйымдар туралы, өмірден алынған әңгімелерді, былай қарасан көбін оқып шығамын. Жұма күнгі бояндар күшті)) — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Бөліп ешкімді айта алмаймын, жазған пікірдің бәрін оқимын. Кейде Гастаның ұзақ жазатын пікірінен жалығып кетемінде, бірақ ол қызықты етіп жазатын болғандықтан оқып шығамын-әй түбі)) — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Апам оқиды, жеңгем оқиды. Ал жеңгем приколдарды жаттап алып ағамның жынына тиіп жүргені қашан көрсемде — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Бәрі жақсы.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту