Таныс болыңыздар: manshukn
manshukn — Mәншүк Ахметова — 1990 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Сонда орта мектепті аяқтап, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курс студенті.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Негізі, осы блогосфераға біз Асхат ағайдың ( urimtal) сабағының арқасында келгенбіз (осындағы көп қолданушылар да). Ал керекке наурыз айындағы блогкемпке тіркелу кезінде, осы dabai.kz-ға тіркелдім. Ол ақпан айы болатын. Пост жазу, пікір қалдыра бастаған уақыт маусым айында уордпресс ашылмай жүрген кезде басталды. Содан бері күнделікті кіретін болдым.
— Күніне неше рет кіресің?
— Есептемеппін. Негізі, ноут қосылғанда, міндетті түрде бір қараймын. Сабақ кезінде, автобустаіш пысқанда соткадан қызықты жазбаларды оқып жүремін.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Осы эстафеталар, қолөнер, аспаздық жайлы тақырыптағы жазбалар, бір сұрақ айдары да ұнайды. Ал былай, жаңа жазылған жазбаларды бір қарап шығамын.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Жазбаларды оқып отырғанда, барлық пікірлерді оқып шығуға тырысамын. Ал көбінде Сатыбалдының, Патиктың, Нұрғисаның, Бальзаминканың, АКУдың пікірлері ұнайды.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Универдегі достарым, группаластарым оқиды. Ал туыстарымнан ешкім оқымайды.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Меніңше барлығы жақсы, өзіме ұнайды. Бірақ, маған бастапқыдағы дизайны (жасыл түсті) ұнайтын. Соны қалдыратын едім.
