Ескі архив · 01.12.2011 17:05

Ең жақсы сыйлық: өз қолымен жасаған iPad

Сүйікті қызының туған күніне iPad алып бере алмаған қытайлық студент Вэй Синьлун iPad-ты өз қолымен жасап шығарыпты. Ақшасы жетпегендіктен осылайша өз қолымен жасауына тура келіпті. Жасау үшін 10 күн және 199 доллар кетіпті. Студент алдымен Ebay-дан 78 долларға ескі ноутбук сатып алған, батарейка мен ценсорлы экран үшін 50 доллардай кеткен. Сосын ұсақ-түйек нәрселер үшін де аздаған шығын шыққан. Нәтижесінде өз қолымен «iPad» істеп шыққан. «Бұл менің өмірімдегі ең керемет сыйлық болды» дейді Вэйдың қызы Сунь Шаша.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту