Мәдина Сәдуақасова - "Сенім"
Сөзін жазған: Ринат Зайытов
Әнін жазған: Ұлықпан Жолдасов
Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген,
Бір сенім бар
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім барда,
асығам алға,
Ақ тілегім биікке самға!
Қ-сы:
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы,
Сенім маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін,
Жүрегіммен сенемін!
Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай келер.
Асқардай биік,
Армандап жиі
Мен өтемін өмірді сүйіп.
P.S. Бұл әнді бір естігеннен-ақ ұнаттым, іздеп біраз уақытымды да жоғалттым...Әрең дегенде интернеттің бір бұрышынан таптым да, сөзін ғана жазып алдым. Енді, аудионұсқасы КЕРЕК! Болса, бөлісіңіздерші…
