Таныс болыңыздар: Kasymolzhas
Kasymolzhas — Олжас Қасым 1989 жылы 22 сәуірде ШҚО, Семей қаласы, Абыралы өңірі, Таңат ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы Т.Ысмайылов атындағы орта мектепті бітірді. Сосын алты ай Семей университетінде оқып, ҚазҰУ журналистика факультетін былтыр тәмамдады. Биыл осы факультеттің магистранты атанды. Студент кезінде «Қазақстан-Заман», «Үш қоңыр» газеттерінде бөлім редакторы болды. Қазір ерлерге арналған «Дарабоз» журналының жауапты редакторы.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мені мұнда алып келген осы сайттың қолданушысы — Мәншүк. Екеуміз шәй ішіп отырғанда керекинфоға келдім. Мен бұл сайттың бастапқы кезеңдерінде мүлде көре алмадым. Біз әуелі, өз блогымызды жүргізіп, соның қамымен басқа сайттарға көп кіре бермейтінбіз. Маусым айында уордпресс жабылғаннан кейін, араға уақыт салып осы сайтқа кездейсоқ кірдім. Содан бері керекинфоны айналсоқтап жүрміз.
— Күніне неше рет кіресің?
— Күніне қанша рет кіретінімді есептеген жоқпын. Көңіл – қошым соқса, кіруге тырысамын.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Сатыбалдының шатпақтары, Асауботаның жазғандары, Жалғастың жазбалары ұнайды. Сосын өзімнің сұлтанатымдағы ақындардың жазғандары.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Жартысыныкі ұнайды, жартысыныкі ұнамайды.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымнан курстастарым, көршілерім, 70-тегі атам оқиды.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Қолданушылар арасында бәйге жариялап, жеңіп шыққанға рахметімді айтар едім. Бірақ, админ болу бақыты бұйырмайтын сияқты.
