Ескі архив · 02.12.2011 13:03

Таныс болыңыздар: araika

araika — Мұстафақызы Арайлым. 1990 жылы 23 (24) қарашада Қызылорда облысының Қорқыт өңірінде дүниеге келген. Қазір Астана қаласында білім, шен қуу мақсатында жүр. Алайда болашағын осы қаламен байланыстырғысы келеді. Мамандығы – бағалаушы (оценщик). Қазіргі уақытта экономика саласында білім алуда. Кешігіп жүретін жаман әдеті мен жалқаулық деген жансерігі бар. — КерекИнфоға қалай келдің? — Қазақша әндердің сөзін іздеп отырып, кездейсоқ келдім. Ұмытпасам АКУ-ның посты болды. Онан соң қызығушылықты аспаздық тақырыбындағы жазбалар қызықтырды да, тіркелдім. Алғашқы пікірімде соларға жазылды. Бірақ, орта өзгешелеу болғандықтан, уақытша жүрмін деп ойладым. Ал қазір әбден үйренісіп кеттім, қолданушылардың көбісін сырттай танимын, вордпресс арқылы. — Күніне неше рет кіресің? — Шектеусіз. Қолым қалт еткенде емес, арнайы уақыт бөліп, басқа шаруаларымды ысырып тастап және бір қосылсам, біразға дейін отырып қалатыным тағы бар. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Барлық тақырыптарға барлау жасаймын. Көбіне видеонұсқасы берілген посттарды аттап өтемін. Десек те, миды жаттықтыратын, логикаға ерік беретін посттар, реалда кімнің не бітіргені, поэзия тақырыбы мен ғибратты әңгімелердің орны ерекше. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Бөліп-жармаймын. Барлығының да өзіндік сөз саптаулары бар. Астарлап жазылған пікірлердің түйінін шешу ұнайды. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Оқымайтын болар. Мен арнайылап ешкімге адресс берген емеспін. Бірақ, үйде компта алғашқы бетте тұрады. Соған қарағанда, олар қазақша сайттарға бас сұқпайды деп ойлаймын. Және оқығандарымды таныстарыммен ауызша бөлісемін. Осында келгелі мені біраз адамдар жоғалтып та алды. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Айтарлықтай өзгеріс жасай алмайтындаймын.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту