Еуро-2012. Жеребе
Футболдан Еуро-2012 турнирінің финалдық кезеңдері жеребесі тартылды. Төмендегі суреттен кім қай топқа түскенін көре аласыз.
Финалдық кезеңге бірден жолдама алған Польшаның Украинаға қарағанда жолы болған секілді. Себебі қарсыластары 2004 жылғы жеңістен кейін Гректердің өндіріп ойнағаны шамалы. Ресей де ала-құла ойын көрсетіп жүр. Бірақ, екеуі де топтық кезеңде жақсы көрсеткіш көрсетіп, бірінші орынмен шықты. Тек Чехтардың бәсі төмен секілді ме?
«В» тобы «смертельный» деп айтуға болатын шығар. Роббен, Роналду, Мюллерлердің аянып қалмасы анық. Тек 2002 жылы 1/8 финалға шыққан Даниялықтар әлсіздеу көрінеді топта. Соренсон мен Томассондар ойнайды ма екен келесі жылы? Айтпақшы, топтық кезеңде бірінші орынға ие болыпты бұл Дания. Және екінші орынға Португалияны сырғытыпты!
«С» тобындағы басты фаворит Испания екеніне ешкім дауласпас. Хави мен Иньеста, Хаби Алонсо мен Серхио Рамостардың екпіні қатты. Іріктеу кезеңде 8 ойын өткізіп, 8-де де жеңіске жеткен. Доп айырмасы 26-6. Испания немістерден кейін ұпай жоғалтпаған екінші команда. Ирландияны аутсайдер санауға болатын шығар бұл топта. Срналар өз деңгейінде болса біраз қарсылық көрсетуі мүмкін.
Украиндарға жеребе жолдас болмаған секілді. Англия мен Францияны ұту? Қайдам, Шева мен Ворониндердің қолынан келмейтіндей. Швецияны ұтпаса… Жеке Ибра бір нәрсе бітіруі мүмкін. Сондай ақ, қақпашысы Иссаксонға сенім артса болатын шығар Швеция. Ал, Францияның командасына қарасаң керемет-ақ. Бірақ ойындары жүрмейді онша. Әйтпесе Насри, Рибери, Абидаль, Клиши, Ллорис, Малуда, Бенземалардың аты жер жарып тұр.
