Ескі архив · 04.12.2011 12:49

МАҒАН НЕ ҰНАП, НЕ ҰНАМАЙДЫ...

ҰНАЙДЫ: — Суда жүзу; — Форель шаруашылығындағы түрлі балықтар; — Қазіргі қазақ поэзиясынан Н.Бердалының әр түрлі тақырыптағы өлеңдері; — М.Түсіпбаева оқитын Н.Бердаланың «Тағы бір күн»монологы"; — Редакцияға келетін оқырмандардың (өз қолдарымен жазылған) пошта арқылы жіберген түрлі тақырыптағы хаттары, оларға жауап қайтару; — Коллективтің жиындары; — Кеш ұйықтау, ұйқыдан күліп ояну; — Сергек кездегі жұмыс, таңертең немесе түнде — Тып-тыныш кезде жазылған мақала; — Тап-таза ауа. Көрікті аула. Табиғаттың тылсым сырлары; — Әдемі сурет көру немесе әсерлі шығарма оқу; — Классикалық туындылар; — М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» туындысы, Шекспирдің сонеттері, М.Гумеровтің «Құпия дәптер» шығармасы, Джонатан Свифттің «Путешествия Гулливера» атты кітабы; — Кенеттен келген жақсы идеялар; — Тосын сый; — Күтпеген кездесу; — Бөлмені қолдан әр түрлі нәрселер жасап, жабыстыру арқылы әсемдеу; — Жаңбыр жауған кез; — Театрдағы адамды терең ойға батыратын қойылымдар; — Достармен жақсы араласу, сағынысып көрісу, сыр шертісу; — Көркем шығармалардағы ерекше детальдар; — Көңіл күйіме қарай музыка тыңдау; — Қызықты деректер оқу; — Анамның сенім артуы, жібектей мінезі, ақкөңілдігі; — Әкемнің үнемі айтатын ақылдары; — Інімнің оқыған шығармаларын талдауы; — Сіңлімнің салмақтылығы; — Экскурсия жүргізіп тұрған кезде, тыңдаушылардың композияцияларға қызығып, сұрақтар құюы, өздеріне үлкен ой түйіп, ерекше әсермен қайтуы; — Журналдың дизайнын жасау; — Күнделік жазу; — Оптимист адамдар; — Ойға алған ісімнің уақытында орындалуы; — Әр түрлі тренингтер; — «Махаббат бекеті»көркем фильмі мен фильмдегі әдеееееееееееееемі әуен; — Бас редактордың көңілді болып отырған кезінде айтатын әңгімелері; — Мұражайлардағы құнды экспонаттар; — Қарапайымдылық; — Сегіз қырлы, бір сырлы адамдар; — Арайлап атқан әрбір таң; -Қонақ шақыру; — Еркелеп сөйлеу; — Берілген тапсырмаларды ерте бітіріп, сайттарда отыру; — Ұлттық кітапханадағы сирек кездесетін қолжазбалар қоры; — Тарихи орындар; — Ерекше нәрселер; Ой, тізе берсек көөөөөөөөөөп болып кетеді екен, осымен аяқтайын)) Ұнамайды: — Өмірдің түрлі жазылмаған заңдары... — Саудасалу, сатушылардың өз затын өткізу үшін адамның іші-бауырына кіріп кетуі; — Отырыстарда асабаның тым анайы анекдоттар айтып, жұртты қыран-топан күлкіге айналдырамын деп ойлайтыны; — Тырнақ астынан кір іздейтіндер; — Кімнің тарысы піссе, соның қазанында қайнайтындар; — Ұяңдығым; — Сабақты түсінбей, тек жаттап алып бүгін айтып, ертең сұрасаң білмейтіндер; — Кітап оқысам болды, ұйқым келеді дейтіндер; — Агенттегі келетін түрлі спамдар мен айтуға тұрмайтын әңгімелер; — Бетіңе күліп қойып, соңыннан өзіңді біраз жерге апарып тастайтындар; — Сериалдардағы бірдей мотивтер; — Қыздардың жігітті қалтасамен бағалауы; — Жігіттердің «жылтыр» сөздері; — Махаббаттағы тұрақсыздық; — Жаргон сөздер; — Жалпы, өмірдің мәні тек қана ақшада деп санайтындар; — Өз ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндер мен туған баласын тастап кететіндер; — Таксистердің қылмыңдауы; — Телефонмен танысқысы келетіндер;] — Алғаш танысқан адамның телефон нөмір сұрауы; — Өзгелердің пікірімен мүлде санаспай, тек өзінікін ғана дұрыс деп есептейтін адамдар; — Одан ешкім ештеңке сұрамаса да, өмірі «жоқ» деп жоғалып жүретін адамдар; — Пессимист адамдар; — Ештеңкені жақтырмайтын адамдар; — Кез келген дүниеге жеңіл қарайтын адамдар; — Аурухана, дәріханалардағы дәрілердің иісі; — Руға, жерге, елге бөліну; — Түрлі компанияда (желілік маркетинг) жұмыс істейтін адамдардың құр уақытты алып, «Сіз осы компанияға жұмысқа кірсеңіз, өміріңіз мынандай болып шыға келеді дейтіндер...»; — Қажет кезде іздеген заттың табылмай қоятыны; — Шулы орта, әсіресе кітапханадағы шуыл; — Қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстамайтындар; — Уәдесінде тұрмайтындар; — Адамдардың гүлді аяусыз жұлуы; — Қан-төгіс, атыс-шабыс видео, кино, ойын; — Саны бар, сапасы жоқ оқулықтар;; — Мағынасыз қойылған кісі есімдері; — Кекшілдер; — Болмайтын дүниеге ренжіп қалатындар; — Нәтижесіз ереуілдер, жалған патриоттылық; — Қағаз жүзінде қалып, іс жүзетінде орындалмайтын нәрселер; — «Книжный городтағы» төл туындылардың сиректігі; — Кафелердегі көк түтін, әсіресе, «Ситидегі»; — Ішіп алып, өзінің не айтып, не қойғанын білмейтін мастар, перегар. — «Жұрттың қыздары пысық, бәле, сабағына да жұмысына да үлгереді» деп жақтыртпай сөйлейтіндер
Авторы:
estetika91

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту