Ескі архив · 05.12.2011 11:46

Алғаш рет онлайн трансляция жасап көрдім

Кеше Астана қалалық әкімдігі ішкі істер басқармасының қолдауымен мектеп оқушылары және студенттер арасында КВН өтті. Алғаш рет осы 2 ойынды интернет арқылы трансляция жасап көрдім. Өзіме ұнады, қызық екен. Бұл үшін бар болғаны бір ноутбук, вебкамера және жақсы интернет керек. Трансляцияны Kiwi.kz сайты арқылы істедім. Жазылған пікірлерге қарағанда бейне де даусы да жақсы шыққан. Алғаш рет болғасын жарнама жасамадық. Енді алдағы үлкен ойындардың алдында алдын ала жарнамалаймыз. Ойынға келе алмағандар интернет арқылы қарай беретін болады. Кивиде былай бәрі оңай, қарапайым. Егер қаласаң жабық трансляция да жасауға болады, қарайтын адамдарға код бересің болды. Тек статистика жоқ екен. Тек онлайн қанша адам қарап отыр, соны ғана көре аласың. Енді Youtube арқылы да тексеріп көрмекшімін.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту