"Мың бала" фильмінің үзіндісі жарияланды
Ақан Сатаевтың "Мың бала" тарихи фильмінің үзіндісін «Меломан» мультимедиялық порталы жария етті. 8 минуттық роликте Шарын шатқалындағы бір көріністің куәсі боламыз.
Естеріңізге сала кетелік, фильм Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отанын қорғауға бел буған қазақ бозбалаларының ерлігін бейнелейді. Сюжет желісі бойынша, басты кейіпкер — Сартай, өзінің тым жас болғанына қарамастан, ержүректілігі мен қайсарлығының арқасында мыңдаған қатарластарынан әскерді жасақтайды. Өз жақындарынан айырылып, алғашқы махаббаттың лүпілі мен шынайы достықтың сырын ашып үлгерген Сартайдың жан-жүрегі оттай лаулап, жанып тұрған шақта өз елінің һас батыры атанады.
«Мың бала»-ның премьерасы биылғы 16-шы желтоқсанға жоспарланған.
Фильмнің үзіндісі:
ПыСы: Ютуб видеоны жүктегеннен кейін дыбысты өшіріп тастады. Фильмнің дыбысталуы авторлық құқыққа қатысты заңмен қорғалады екен. Сондықтан бұл әрекетімді заңсыз деп тапты.
