Әшекей бұйым жасаушы шебер
Алдыңғы әшекейлер туралы постымызда біраз сұрақтар туындап еді. Сіздерді сол туындыларды жасаған автормен таныстырып, сіздер қойған біраз сұрақтарға берген жауабын ұсынып отырмыз.
Ертай Сарсенов 7.04.1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылында дүниеге келген.
2004- 2008 ж.ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Көркемсурет факультетінің түлегі. Қазір осы аталған ауылда мектеп мұғалімі. Жұмыстары облыстық көрмелерге қойылған.
Негізінен, барлық жұмыстарымда тарихқа көз жүгірте отырып жасағанды ұнатам. Сіздерге ұсынған өнімдердің ішіндегі "Өмір" мен «Садақшыны» эскизін ұстазым сызған, сол эскиз бойынша өзім ойланып отырып жасап шықтым. Әр туындыны әр адам әрқалай түсінеді. Мысалы мен үшін, "өмірде" өмірдің өзі шеңбер, бумеранг, өмірде не істесең де қайтып келеді, сол себепті де формасы домалақ қып алдым. Ал төрт қырлы ою- өмірдің жолы немесе 4 бағытты білдіреді. Ал енді «Садақшыға» келсем, ерте кезде тасқа бейнелегендерді өзімше жеткізу. Түп-тамырымыздың осал еместігін білдіру.
Әшекей бұйымдар жасаумен қатар басқада қызығушылықтарым бар. Соның бірі жауырыннан (төрт түліктің) сувенирлер жасау.
Мында, күн басты құдай бейнеленген, сақ тарихына байланыстырп алғам. Мүйізді қажеттілікке байланысты қойдым.
Тағы да, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз жасаумен машықтанам.
Төменде өзім жасаған бірнеше әшекей бұйымдар:
Мына төмендегі жұмыстың эскизі ұстазымдыкы, менен кейін жасаған бір шәкіртінікін JADO фирмасы сатып алды.
Әзірге осы, сұрақтарыңыз болса қоя отырыңыздар
P.S. әшекей бұйымдардың жасалуы кезіндегі процесс келесі постта беріледі.
