Таныс болыңыздар: muza
muza — Даулетбай Амандық.1988 жылы Монголияның қазақтар көп қоныстанған жерінде дүниеге келіппін. Отбасында бес ағайындымыз. Ұлдың кенжесімін деп мақтанатын кездерімде болып тұрады. Қазір Түркияда ІТ(инженер программист) мамандығы бойынша оқуды бітірейік деп қалдық. Аса патриот емеспін. Мен үшін жаман мен жақсының айырмашылығы тек қана қолдануына байланысты. Аққан Жұлдыз романын өте жақсы көрем. Түрктерден жұқтырған бір әдетімде бар шәй ішу деген . Көп армандамаппын осы. Бос уақытымда веб дизайнерлікпен айналысамын. Көбінде сол дайын CMS (Джомла) қолдану арқылы. Әкемнің өте көп кітап оқитындығына қызығам. Әзірше осы. Жауаптарға латын әріптерімен жазамын алдын ала ескерту
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Массаған дауірінен бері келе жатқан жандармызгой. Солай, Жастар, Кездесу, Давай дегендей…
— Күніне неше рет кіресің?
— Тәңертеңгісін газет оқу барысында жане кешкісін жатпастан бұрын түн жарымында
орташа 45-50 минутым осында өтеді десем болады.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Күндіз кешке дейін ІТ жаңалықтарын қарағандықтан болар осында басқадай бірдемелер іздеп келем.Тақырып таңдамаймын десемде болады.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Нұрғисаның, Абілақымның айта берсе көпқой. Әркімнінөзіндік стилі бар. Салыстыруға келмес.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Әпкем оқитын болар. Қазақ интернетіне әпкемді ерте келгеніме қуанам
Қазақша әріптері қалып қойыпты сол жақта
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Әпкемде алдыңғы постында айтыптығой атына заты сай жазбалар жазылса, күнде жоқ дегенде 2-3 жазба.
Қауымдастық бөлімін біраз жақсартып көзге көрінердей қылса жаман болмас…
