Высоцкий. Спасибо, что живой
Кеше мына киноға бардым… Алдында осы керек.инфода басты ролді кім сомдаған деп талқылаған сияқты едік… Кеше кинода көзім жетті, Безруков ойнаған… Безруковтың киноларын көргендер, оның қимылдарын, сөйлеу әдісін байқайды деп ойлаймын…
Енді киноға келер болсақ… Кино шынымен өте өте жақсы түсірілген..Қатты толқып шықтым… Высоцкийдің жағдайын түсінгендей болдым… Білмеймін, ондай адам болу оңай емес қой… Кеңес дәуірінің қыспағын қатты сезесін… Ондай деңгейдегі адамдарға қаншалықты қиын болғанын тағы бір көресің… Актерлардың құрамы да өте сәтті таңдалған… Иван Ургант та, Панин де жақсы ойнап шықты..Әсіресе Панин… Нағыз шебер ғой… Кинода Высоцкийдің жеке докторы болып ойнайды… Кинодағы істегендері енді керемет…
Высоцкийдің клиникалық өлімге кеткен кездегі айналасындағы адамдардың абдырап қалған сәттері, арпалыстары, қандай шеберлікпен түсірілген десеңші..Құдды өзің де сол сәтте солармен бірге сол жерде жүргендей күй кешесің… Актерлардың кинодағы ролдерін қатты беріліп ойнағандары білініп тұр… Мен бұл киноны Оскарға жіберер едім… тіпті сол Оскардың бірнеше бас жүлдесін алады дер едім…
Әсіресе киноның соңғы жеріндегі Ташкенттен ұшу кезіндегі болған оқиғалар мықты қолға алынған…
Қысқасы бұл киноға бармаған болсаңыздар, достарыңызбен бірге барып қайтыңыздар..Өкінбейсіздер… Мына у шу дүниеден сәл болса да қашып, ескі кеңес дәуіріне барып демалып қайтасыз…
