Ескі архив · 09.12.2011 14:02

Ағамның монологы

Иірілген асықтай тағы, Бүк түстім теңселім санам. Мұң болып бақыттың әні, Кірпіктің қимылын бағам. Жанардан сырғыған тамшы, Теңіздің толқыны сынды. Жонымды тілгілеп қамшы, Бокалмен жұтамын мұңды. Мен енді бөтенмін білем, Біздерді қоспайды тағдыр. Амалсыз мысқылдап күлем, Ал мұңым — бір нөсер жаңбыр. Айырып қатар мен теңді, Көтердім өмірдің жүгін. Сен сүйген бозбала енді, Төрт ұлдың әкесі бүгін. Тентіреп текке сен қалма, Бақытың тосып тұр алдан. Енді кеп қолқаны салма, Арманға бәрі де Арман. Тағдырға налыма тегі, Жетеді сыйлары тосын. Бөтенге теліме мені, Өзіңсің ең жақын досым! Бүгіннің бейнесі қымбат, Әр сәтті бағала жақұт. Біздерге жол нұсқап ымдап, Бақытқа апарсын Уақыт. Шаршатты Тіршілік Үні, Түсінем салмақты мұңың. Тек дұрыс түйсініп мұны, Өтінем, күрсінбе күнім! Бағала Уақыттың құнын, Күдікті үмітпен жалға. Ертеңді ертерек ұғын, Бақытты күндерің алда! Табиғат АБАИЛДАЕВ
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту