Ескі архив · 10.12.2011 00:33

Нұрберген Мақымның туылған күніне тарту. Хармстан үзінді және Хармсша бір әңгіме

Уа ғақылия мұғжыза уәсасуа таһрір вә зухра амиго, туылған күніңе мына қойыртпақты қабыл алғайсың! Нақтың. Алдымен, Хармстан үзінді: Енді, өзің сүйіп оқитын Хармс стиліндегі бір үзік әңгіме. Аффтар мен мен. Аффтар шығарма жаза бастады. Кейіпкердің алғашқысы ұнамай қалып, балконнан секіріп мерт болды. Екінші кейіпкері де ұнамады: есік алдындағы бұзақылар пышақтап кетті. Үшінші кейіпкері ұнады, бірақ біреуден плагиат жасап отырғанын байқап қалды. Аффтар қимай-қимай, ақыры буындырып өлтіруді ұйғарды. Сол кезде жартылығыммен мен де келіп жеттім. Ертеңге дейін бір кейіпкердің өмірін алып қалдым. Немесе бір кейіпкердің ғұмыры ертеңге дейін ұзартылды. Атқосшы да бірдеңе жұтамын деп дәмеленіп тұрған мана есік алдында, өзімізге аз деп кіргізбедім.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту