Саяхат
Қанатын кеңге жайған Керекті керек ететін сәт туды ағайын. Қолымызды бір сермеп, күйбеңдеп күн өткізгенше Алтай мен Атыраудың Ертiс пен Едiлдiң, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұланғайыр алқапты аралауға атымызды қомдап жолға шықпақ ойымыз бар. Маршрут сызып әлекпін керекші қауым! Білмеген жердің ой-шұңқыры көп дегендей, уақыттың тығыздығын ескере отырып, жазда алатын демалыстың шектеулі күндерін қызықты өткізуге бел буған, арқаның басынан қиял теуіп кеткен апталдай бес азаматына қол ұшын созып көмектессеңіздер екен деген тілек. Жоспарсыз болмайтын дүние болғасын жарты жыл бұрын дайындыққа кірістік.
Көмек материалдық жағынан емес, ол жағынан қам жемеңіздер. Аймағын бес саусағындай білетін (білмесе де болады) азаматтардың ақысыз ауызша көмегі керек.
Қазақстанның әр өңірінен қолданушылар бар деген жарқын үмітпен, әр аймақтың ерекше жерлерін түртіп және фотоларын іліп отырсаңыздар біраз көмек болар еді.
Алғашқы сызған маршрутым Павлодар облысынан бастау алып отыр. Ыңғайлы болғандықтан
(мынау әлі толық біткен жоқ)
Бұл саяхат қала аралау емес, дала аралау.
Бастапқы жоспар бойынша маршрут былай болмақ:
1. Павлодар облысы
2. Шығыс Қазақстан облысы
3. Алматы облысы (Талдықорғаннан бастап)
4. Жамбыл облысы
5. Оңтүстік Қазақстан облысы
6. Қызылорда облысы
7. Маңғыстау облысы
8. Атырау облысы
9. Ақтөбе облысы
10. Батыс Қазақстан облысы
11. Қостанай облысы
12. Солтүстік Қазақстан облысы
13. Ақмола облысы
БІР ӨТІНІШ:
білетін жерлерді гугл картадан тауып
КООРДИНАТТАРЫН
жіберсеңдер кішкене жеңілірек болар еді
