Ал, жуыңдар...
Жылдың аяғы. Барлық мекемелер жылдық қорытындыларын жасап жатыр. Сонымен, маған ешкім ондай құзырет бермесе де осындағы қыздар жайлы қорытынды жазба жазсам деп отырмын.Барлығыңызды қамти алмағаныма кешірім сұраймын.
Өздерің тағы қандай номинация ұсынасыңдар?
МАДЛЕН — бұл қолданушыны «Жыл аруы» номинациясына ұсынар едім. Оны таңдағанда іш киіммен жүргізіп, ақылын, білімін тексеріп байқағаным жоқ. Осы қыз лайық деп ойладым және әлі солай ойлаймын.
АЙЖАНТАБЫН-бұл қыз жайлы не айтуға болады.«Жылдың жабырқаулы жаны» атты номинацияны қонжығасына байлады.Осы бетінен танбаса келесі жылы да өз тәжін сақтап қалады деп сенеміз.
АЛИША-соңғы кезде көрінбей кеткен қолданушы.Бізге өлең оқыған дауысын жібергенін ескере отырып "Қоңырау дауысты қыз" номинациясын табыстаймын.
ГҮЛСТАН — «Гүл ханшайымы» номинациясының талассыз иегері.
ВКМ-басшылыққа қарағанда қосшылыққа жаралған жан секілді. Кім не айтса соны тез қостайды.Ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді.Әрине қыздар тарапының.Бір қыз біреуді жамандаса жабыла кетуге де әзір.Сондықтанда "Қосшы қыз" номинациясы осы аруға ғана лайықты.
ҚАРА НАЗГҮЛ (dark_nazgul)- «Жыл жаңалығы» номинациясына лайықты деп табылды. Себебі, бұндай қыздың арамызға қосылуы шынымен жаңалық. Егер, арамыздан қонжығын сүйреткендер немесе аңда-саңда пікір жазып қана жүретін кез келген қыз кетіп қалса дәл осындай жаңалық бола қоймас еді.
АЙГӨЛЕК — "Қисық қыз" номинациясының иегері. Жігітіміз бар қызымыз бар барлығымыз жабыла айтсақ та қазақ әріптерін қолданбағанын өздеріңіз білесіздер. Мүмкін ұялы телефонмен кірер, мүмкін осылай қалыптасып кеткен болар. Дегенмен, жаман қыз емес.Орысша қосып ойын жеткізетіндердің жүзіне айырбастамас едім.
ЖАН-«Ашық мінез» номинациясының бірден бір иегері осы машалка бас қыз.Ренжісеңдер де ренжімесеңдер де бұл номинацияға басқа лайықтыларыңыз жоқ.
САММИТА-бұл қолданушысыз қалайша қорытынды жасауға болады? Әрине, болмайды. Бұл кісінің номинациясы өте ұзақ."Қыздар арасындағы ең әділ жан"
Айтпақшы, топ ретінде берілетін бір номинациям бар екен ғой. Мұтып кете жаздаппын.«Апашки» номинациясы.Бұл арнайы сыйлықты Бальзаминка, Алтыградус және Айжантабынның триосына бердім.
