Ескі архив · 12.12.2011 09:49

Таныс болыңыздар: izbasar

izbasar — Айбек Қуандық. 1982 жылы Моңғол Халық Республикасы (сол кезде) Бай-Өлке өңірінде дүние есігін ашыпты. Отбасында үлкені. Қазір көмірлі Екібастұзда № 25 — гимназияда ұстаз. — КерекИнфоға қалай келдің? — Бұрын Дауай қз ға тіркелген едім бірақ қолданбадым. Биыл көктемнен бастап Керекинфоны тұрақты қолданып жүрмін. Керекинфоның маған ұнайтын себебі қазақша еркін ойлайтын жастардың болуы. — Күніне неше рет кіресің? — Күні бойы отырам десем өтірік болар, жұмыс арасы үзілістерде ғаламторға кірген кезде міндетті түрде кешкісін үйде Керекинфоға ілініп қалуым мүмкін. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Жалпы танымдық тақырыптары ұнайды. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Ешкімді бөліп жармаймын бірақта пікір беруде дөрекілік болып жатады. Достар аздап сабыр сақтаса деймін. Ақылға қонымды пікірлердің барлығын қабылдаймын. Әрине сыни пікірлер болған дұрыс деп қабылдаймын. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Жоқ — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Жалпы ұнайды. Қолдануға ыңғайлы.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту