Ескі архив · 12.12.2011 13:00

Таныс болыңыздар: Tarazkyzy

Tarazkyzy — Сандуғаш Кәрібжан. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» болсын ба? Ендеше оқыңыздар. Өзім Тараз қаласының тумасы, Алматы қаласының өскіні, ШҚО келіні, қазіргі Ақтау қаласының тұрғыны. 1986-ның 15 қыркүйегінде дүниеге келіппін. Мектеп атаулының табалдырығынан тарыдай болып Таразда аттап, таудай болып Алматыда шыққанмын. 11-сыныптан соң Халықаралық мамандықтар институтына түстім, кейіннен білімнің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ауыстым. Сыртқы жарнаманы бақылайтын мекемеде, ҮЕҰ-да қызмет еттім. Пиар, жарнама терминдері таңсық емес. Бүгінде Ақтаудың жұмыссыз қазағымын. — КерекИнфоға қалай келдің? — Керекинфоға wordpress арқылы келдім десем болады. «Қайда барсам Қорқыттың көрі» демекші. Қай жанның блогына кірмейін, Керекинфоға сілтеме беріп, шақырып тұрды. Бастапқыда тек сырттан сығалап, инкогнито кіріп тұрғанмын. Оның үстіне бір кірсең шығу қиын. Комменттердің өзіне бірталай уақыт кетіп қалады. Wordpress жабылып, барар жерім, басар тауым қалмаған соң келдім КерекИнфоға. — Күніне неше рет кіресің? — Жұмыс істеп жүргенімде мониторинг жасап, күніне 2-3 кіретінмін. Ал қазір (басқа қалаға көшіп, үйде отыруыма байланысты) Ноутбугымды қосып, ғаламторға кірген сайын. Тіпті бір мэйл рудағы поштамменн қатар шартты түрде Керекинфоны да ашатынымды байқадым. Тәуелділік пайда болғандай ма, қалай өзі? Срошно «Клуб анонимных керекинфошников» ашу керек. — Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? — Тіркеле сала қосылған қауымдастығым – қолөнер. Hand-made қызықтыран соң, осы тақырыптағы жазбаларды ерекше атар едім. Менде бір керемет сюжет бар, Эстафеталар да қызықты. Гастербайтер, Нұрғиса, Әбіләкімдердің жазғандарын жиірек оқитын шығармын. — Кімдердің пікірлері ұнайды? — Керекинфоның негізін қалаған және сол заматтан бері пікір жазудың шебері болғандардың. Шынымды айтсам, біреуді бөліп айту қиын. Әйтеуір комменттерді оқығанымда, өзім пікір жазғым келмей қалатын кездер болады. Барлықтарың бір атаның балаларындай, бір-бірлеріңді тым жақсы танитын сияқтысыңдар. Мен сырттан адасып келіп қалғандай болам да, пікір жазу қисынсыз болып көрінеді. — Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды? — Жоқ. Курстастарым кіріп тұруы мүмкін. Бірақ бұл тек болжам ғана. — Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің? — Ешқандай өзгерісті қажет етпейтін секілді…
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту