Таныс болыңыздар: VKM
VKM — Мен, Жұмағұлова Малика, Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Хайрузовка кентінде ,1991 жылдың 13 наурызында дүниеге келдім.5 жасымда жанұямыз Өскемен қаласына көшіп келді,1998-2007 жылы 38 мектеп-гимназиясында оқыдым.2007-2008 жылдары ҚХР Харбин қаласында қытай тілін оқып-үйрендім.Қазір Қазақстан Америка Университетінің (КАСУ) ақырғы курсында оқимын және «ЭйрАстана» компаниясында менеджер болып жұмыс істеймін.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қытайда оқып жүргенде казнетке келдім. Мынандай кезекпен: Мәссаған-Жастар-Кездесу-Керекинфо)))
Кездесуде Гаста мен Аршат ағаға ренжіп кетіп қалғаным есіме түсті)))
— Күніне неше рет кіресің?
— Интернетке кірген сайын кіремін.Керекинфоманкамын
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс), Қазақша әндердің сөздері, Өнер-білім бар жұрттар, Қолөнер, Менде бір керемет сюжет бар, Эстафеталар.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Сатыпалдының ,әрине.Аршат ағаның да таңқалдыратыны бар.Нұрғиса аға,Қисық, Абилаким, Гасталарды өте талантты адамдар деп есептейін.Жалпы осы сайтта отырған адамдарды өте сыйлаймын, себебі кімді алып қарасаң да білімді,өзіндік ерекшелігі,қызығатын жақтары бар.Айгераны ұнатамын,өлең жазып жүріп,ғылыммен айналасатындығынан;Cаммитаның туралығы мен білімділігі ұнайды; Жанна ұнайды, ақылды,әнеееу Жапонияда жүрсе де, көмекке дайын тұрады, Гүлшат ұнайды, парасаттылығы мен көрегенділігімен; Ал Мақпал, Айжан, Мадлен, АКА, Назиралар, апам айтушы еді, «Атты адам түсіп қарағандай, жаяу адам жатып қарағандай» деп, супер қазақ қыздар ғой! Назгүл, Алиша апайларым ұнайды,әсіресе балалары, жанұялары туралы жазғандары.
Абзал, Мейірбек, Абай, Садколар нағыз қазақ жігіттер ,әзілдері жарасқан.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Мамам оқитын шығар. Басқа ешкім де оқымайды
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Бір жазғанмын,қойшы қой бағу, тігінші киім тігу т.с.с керек деп, сайт жасау жағынан білімім аз, сондықтан кеңес айта алмаймын. Осы «Керекинфо» ұнайды!!!
