Ескі архив · 14.12.2011 16:13

Fm - жаңа химиялық элемент

Қазақ ғалымдары жаңа химиялық элемент тауыпты. Бұл элементті ең алғаш боп біз танытып отырмыз. Менделеев кестесінің 115-ші элементі Элемент: 115 Аты: Әйел Белгісі: Fm Атомдық массасы: 60кг, сондай-ақ 40 кг-нан 250 кг-ға жететін изотоптар кездеседі. Таралуы: өте кең таралған. Физикалық қасиеттері: Ерекше сөздер арқасында ериді. Мысалға: еркелету, комплимент. Өзінен өзі қайнайды, бұрқылдайды, ешкімнің көмегінсіз суиды. Көбею коэфиценті: жылдан жылға өседі. Үстіне ауыр салмақ түскенде майысады, бүктеліп әр-түрлі позаға ауысады Химиялық қасиеттері: Au, Ag, Pt және қымбат элементтермен өте еркін қабысады. Қымбат метталдарды көп мөлшерде жұтады. Кенеттен жарылуы мүмкін. Этил спиртімен тез қабысады. Өмірге деген белсенділігі тез өзгеріп отырады. Пайдаланылуы: Декоративті мақсатта кең қолданылады, әсіресе автомобильдерде. Өте белсенді жуушы, тазартушы құрал.Стрессті, шаршағанды басатын бірден бір құрал. Өзіне тән реакциясы: Егер жанында өзінен жоғары сапалы, дәл өзіндей үлгі отырса, көк түске енеді. Қаны басына көтеріледі. Сақтық белгелері: Тәжірибесіз қолға түссе өте қатты қауіп төндіреді. Бір үлгіден артық ұстауға болмайды. Бірақ біреуден көп үлгілерін ұстауға болады, тек оларды бір-бірінен алшақ, бірін-бірі білмейтіндей етіп ұстағаныңыз жөн болады. Ал енді олар бір-бірін біліп қойса сіздің өміріңізге үлкен қауіп төнуі ықтимал. Авторы: Гауһартас 7 жыл бұрынғы Керекинфода жарияланды
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту