Корпоративтік сабақтар
1-ші сабақ:
Бір кісі әйелі жуынып болғаннан кейін душқа кірейін деп жатқан кезде біреу есік қағыпты. Өзі баруға ерініп, әлгі кісі әйеліне «сен барып қарай салшы» деп өзі душқа кіріп кетіпті. Әйелі денесін сүлгімен орай салып, есікке жүгіріпті. Есікті ашса көршісі Боб екен. Мұны көрген Боб бірден:
— Саған 800 доллар берейін, оранған сүлгіңді ашшы, депті.
Әйелі шамалы ойланып тұрыпты да ашып жіберіпті. Боб 800 доллар беріп, кетіп қалыпты.
Мұндай кездейсоқ сәттілікке қуанып қалған әйел қайтадан ваннаға келіпті. Душқа түсіп жатқан күйеуі сұрапты:
— Кім екен?
— Көрші Боб қой.
— Маған 800 доллар қарызы бар еді, соны әкелді ме?
МОРАЛЬ: Егер барлық маңызды іс-әрекеттеріңізді партнеріңізбен бөлісіп, оны хабардар етіп отырсаңыз ешқашан ыңғайсыз жағдайларға тап болмайсыз.
2-ші сабақ:
Бір монах машинасымен жолда кетіп бара жатып, жолда тұрған бір монашканы көріпті. Тоқтапты да жеткізіп тастағысы келетінін айтыпты. Монашка қуана-қуана машинаға мініпті. Отырған кезде бір аяғының үстіне екінші аяғын қойған кезде сандары жалтырап көрінген екен.
Мұны көрген монах аварияға түсіп қала жаздапты. Сәлден соң бір қолын жайлап монашканың санына тигізіпті. Монашка лезде монахқа қарап:
— Әулие әкей, 129-шы псаломды еске түсіріңіз, депті.
Кешірім өтінген монах қолын тартып алыпты. Біраздан кейін қайтадан «байқамай» қолы тиіп кетіпті монашканың санына.
— 129-шы псаломды еске түсіріңіз, депті монашка тағы да.
Монах кешірім сұрапты:
— Кешірім өтінемін, нәпсіге беріліп кетіппін.
Әйелдер монастырына жеткен кезде монашка түсіпті де монахқа ұзақ, үнсіз қарап, басын шайқап кетіп қалыпты.
Шаруалары біткеннен кейін шіркеуге оралған бойда монах алдымен Інжіл тұрған бөлмеге жүгіріп, 129-шы псаломды іздепті.
Сөйтсе ол псаломда былай жазылып тұр екен:
Бар, әрі қарай бар. Сонда ғана керегіңді табасың.
МОРАЛЬ: Өз жұмысыңды жақсы біл, жұмысыңа байланысты ақпаратқа толық ие бол, әйтпесе жақсы мүмкіндіктерден айрылып қалуың мүмкін.
3-ші сабақ:
Сату бөліміндегі бір қызметкер жігіт, қыз және бастықтары түскі асқа бірге бара жатып, жолда ескі бір лампа тауып алыпты. Лампаны сүртіп қарап жатса ішінен бір жын шығыпты.
— Әдетте мен тек 3 тілекті ғана орындаймын. Сондықтан әр қайсысың бір тілектен айтыңдар, депті жын.
«Мен бірінші айтайыншы» депті сатушы қыз.
— Мен қазір Багам аралдарының толқындарында скутер мінгім келеді!
Пуффф! Қыз жоғалып кетіпті.
«Енді мен айтайыншы» депті сатушы жігіт.
— Гавай пляждарында маған қазір әдемі бір мулат қыз массаж жасап жатса ғой шіркін!
Жігіт те лезде жоғалып кетіпті.
— Ал, сен не тілейсің, депті жын бастықтарына.
Сол кезде бастықтары айтыпты:
— Ана екеуі түстен кейін жұмыста болатын болсын.
МОРАЛЬ: Алдымен сөзді бастық бастау керек.
