Ескі архив · 19.12.2011 18:26

Аңдардың патшасы кім?

Арыстан түлкіні ұстап алып: “Мен енді сені жеймін”, – депті. — Босқа әуре болма, аманыңда тайып тұр, мен аңдардың патшасымын, – дейді түлкі. — Жоқ, аңдардың патшасы сен емес, менмін! – дейді арыстан. — Нанбасаң, – дейді сонда түлкі, – екеуіміз орманды аралайық, кімнің кім екенін сонда көресің. — Екеуі осыған келісіпті де, орманды кезіп жүріп кетеді. Түлкімен бірге келе жатқан арыстанды көре сала аңдар зыта-зыта жөнеледі екен. Осылайша біраз жүргеннен кейін: «Түлкінің айтқаны дұрыс болды, аңдардың патшасы екен бұл» деп қорыққан арыстан қашып құтылыпты. Ел аузынан.
Авторы:
Robin

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту