Ескі архив · 20.12.2011 21:56

Артық болар білгенің

«Генетика мен кибернетика — құсық, аффтарларын — зынданға!» © И.В. Сталин Кванттық физика. Очм, сенің көрген ең кішкентай нәрсе не? Мысалы, торғайдың әшауы делік. Ендеше сол әрең көрінетін торғайдың әшауы мынау құсық ғылымда — пілдікінен үлкен боп көрінед! Епті, көзбен көріп, қолмен ұстап көрмеген нәрсе туралы таз бұтақбас-ғалымдар күндіз-түні формула мүжіп, бірдеме деп жеп отырады. Өткенде біреуі маған:«барионның өмір сүру периодын білесің бе?» дейд! «Білмейм!» дедім де, әнассқа, барион дегенді де естіп тұрғаным осы. Білмегеніме қуанып кетіп, тақтаға «0,000000000000000000000000113 сек.» деп жазып жатыр. "Өзің елестетші, елестетіп көрші өзің!" деп, тап-тап беретінін қайтерсің. «Кетейнақ!» дедім лібәдқа, жұғып кетер нақ, әрі жүр. Генетика. Бұл да жолайтын ілім емес, шешесстің. Иттің қылшығын шыны құтыға салып жіберіп, бұл қылшықтың иесі — пекинестің ұрғашысы болған дейд нақ өткенде біреу е-қазитте. Енді не бопты десем, типінақ, генетиканың кереметтігі сол — кез келген жүніңнен барлық жеріңді есептеп шығарып аламыз дейд! Лібә, осындай жарыместерге ақша бөліп асырап жүрген бұ үкімет әсілі оңбайд! Астрономия. Бұлар тіпті адам емес епті. Адамзатқа ауру фантазияларының жемісін сатып, жан сақтап жүрген пяншіктер. Өзімен өзі, ешкімге шатағы жоқ, жайбарақат ұшып жүрген астероидтарды алдынан қарап, көтінен қарап, тастары үлкен, анаусы кішкентай деп есептеп-қисаптап, көтіне жерсерікпен шам алып түсіп, адамзатқа суретін сатып күн көріп жүрген алаяқтар. Жердің проблемасы аздай, аспаннан тағы тілеп алып жүрген есерсоқтарды, телескоптарымен бірге еңбекпен түзету мекемелеріне жіберуге ұсынар едім, хабблстың. Ақсаусақ тібәймайдтар да бір сәт көрсін, нанның қалай келетінін. Математика. Бұл пункт мен үшін — трагедия… Очм, бірдеңені бірдеңе атыстырып-бытыстырып есептеуге құмар досым бар-тын. Ұзақ күндер Гауссты қабірінде аунатып, сальто айналдырып, тройной тулуп жасатып отыра беретін. Екі жылдан бері көрмей жүр едім, өткенде агентке шықты, ассалауы — сілтеме болды. «Бұл не?» десем, «білә күшті ә, біреулер e санын үтірден кейінгі екі миллион санға дейін есептеп шығарыпты!» дейд. Сілтемені қарадым. Бірақ досымның экстазы мен дамбалына бітіріп қоюын түсінбедім. Түсінгенім — адамзат тағы бір адамын, мемлекет — тағы бір салық төлеушісін мәңгіге жоғалтты…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту