Таныс болыңыздар: Marco
Marco — Маралбек Сағынғанов. 17.03.1983ж. Журналист. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Осындағы көп жұрт секілді, баяғы «Мәссаған», «Солай де» арқылы келдім. Дегенмен, соңғы бір жылдың төңірегінде, қол үзіп қалып ем, Астанаға көшкенім жақсы болды, қазір күніге бір уақ, столдың астында кісінеп жатам.))) Бірақ, бұрынғы сайттардың тұрақты оқырманы болсам да, тіркелгенім тек осы «керек» болды. Шынымды айтсам, мұнда тіркелу үшін «Кешіріңіздер мен журналист едім» деп, анонимді алкоголиктер сияқты мүләйімсу керек шығар деп ойладым.)))
— Күніне неше рет кіресің?
— Неше рет кіресің деген сұрақ ұнамай тұр. ))) Бұл да жұмыс сияқты. Тоғызда қосылады, алтыда сөнеді.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Ұнамайтын тақырыптар жоқ. Жаңалықтар тізбесінен кейін, керекті бір шолып жеңілдеп қалам (бір жерден кетіп емес), әрдайым.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Гастарбайтер мен Сатыбалды кумирлерім.))) Әрине оригинально емес, бірақ шыны сол. Қилызаманды оқуға болады. (Мынау әлдеқайда оригиналды болды-ау деймін) ))). Бірде, Гастарбайтердің «Адамның өмірінде сексуалдық тұрақтылық орнамайынша, өмір шындығын іздеумен болады» деген пікірін, «Өмір неге қатігез» деп сұрақ қоятын құрбы қызға оқытқам… общым… сол бақытты болып кетті қазір.))) Сосын, көршім ұнайды.))))
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Админ маған қарызсың. Жұмыс істеген редакцияларымда, осы сайттың тұрақты оқырмандарын тәрбиелеп шығарып отырам.))) Және олар, ОЕҚЖ қатарынан тезірек шығып кетуге тырысады.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Кейде, комменттерде, «тпуо очепаткалар» кетіп қалады. Соны түзететін функция болса деп ойлаймын. Бірақ, тағы проблема, қайта өңделген пікір, бастапқы пішінін жоғалтып алады-ау. Сонда, бұл да болса, өміріміздің өлшеп-пішуден, ойыңды тура айта алмай, мың ойланып, мың толғанудан тұратын білдірмей ме? Сонда… Ладно, ештеңе өзгертпей-ақ қойшы.)))
