Ескі архив · 21.12.2011 22:18

Қос аққуға толдым(22)

Бүгін менің туған күнім! Ой, лібәт! Жасамай ақ қояйыншы тойды нақ. Мұқа ағаны жарылқамаған Құдайым, Мені дағы жарылқамай қойды нақ. Негізі туған күнім кеше өтіп кеткен ед. Бүгін отходняк жасап отырмын.) Жылқы бақтырған жас өтіп жатыр. Қай жастың қандай атауы бар екенін білмеймін. Бірақ қазіргі жасымды "Қос аққу" деп атап алдым. Неге екенін суреттен көріңдер. 22. Әмрікандық ғалымдар осы кезде ми піседі деп есептейді. Одан әрмен миыңды қуырып жатсаң қаспақ боласың, сорпалы болса жолың болды ди бер. мен 1989 жылғымын. Менімен бірге осы жылы шілдеханалатқан атақты құрдастарым көп-ақ нақ. Солардың ішінде Алтын балығым, тоесть Гарри Потермен жап-жақсы араласып жүрміз. кеше отырып осы жасқа дейін не бітірдім деп ойланып көрдім. Туу туралы куәліктен бастап, атестат, диплом алғаннан басқа ештеңе бітірмеппін. ал осы жасында: Шолохов «Тихи донның» бастапқы екі томын жазып бітірген. Содан Нобель сыйлығын иеленген. Моцарт бір фортопиано мен 5 қобызсымаққа(скрипка) арналған концертін аяқтады «Кавказский пленник» поэмасын жариялағаннан кейін Пушкин орыс әдебиетінің көшін бастады. Билл Гейтс Майкрасофт компаниясының негізін қалады. 2009/10 маусымда Месси үздік ойын көрсетіп, 2009 жылдың 1 желтоқсанында «Алтын допқа» қол жеткізіп, 21 желтоқсан әлемнің үздік ойыншысы атанды. Авация стоя Амигооо. К… м косылып шапалактайды. пысы: Ана суреттегі екі аққуға қарап осы жасымда бір басым екеу болып қаламын ба деп армандап қоямын. Сонда жоғарыдағы амигоолардың бәрінен асып түсер едім. Аққудың романтик фанаттарына мына сураттерді ұсынамын. Суреттер мына жерде
Авторы:
FaraOn1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту