Таныс болыңыздар: estetika91
estetika91 — Назира Бурханова. 1991 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Қазір, Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті, әрі «Гүлстан» журналының журналисті.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекке келуіме тікелей себепті болған жан өздеріңіз білетін ushkin . Былтыр жатақханада тұрғанмын. Қоғамдық жұмыстар бар сабағым бар дегендей бөлмеде көп бола бермейтінмін. Ал, Мика KazNU WiFi –ды пайданып, осы сайттардың қызығына кіріп отыратын түннің бір уағына дейін. Сосын, келіп бар эмоциясымен ондағы қозғалған мәселелерді бізге айтатын келіп майын тамызып тұрып)) Басында мен көп мән бере бермейтінмін. Содан бір күні Мика «Назко неге осы сен жазбайсың! Қолыңнан келеді ғой...» деген сияқтыларды айтып блог ашып берді. Басында түк түсінбейтін едім. Бәрінің миын ашытып сұрай беретінмін. Түсінбеген дүниемді сұраудан еш қысылмаймын негізі. Сөйтіп, жүріп көптеген сайттарға тіркелдік. Жазбаларға пікір жазылса, шапкамды аспанға атып қуанатынмын басында. Содан кейін, әрбір пікірге ойланып түнімен ұйықтай алмай шығатын да күндер өтті бастан. Несін айтасыз талай қызық нәрселер өтті… Сөйтіп жүргенде, бір күні керекинфоға топ ете қалдық. Ол кезде кездесу com, сосын davai.kz болып түрленіп тұрды… Ал, қазір біраз төселіп қалдық… Осы постты пайдаланып рахметімді айтамын! Мика сіз бен біз бөлек тұрсақ та жанымыз әрқашан егіз! Мен сізбен біргемін)
— Күніне неше рет кіресің?
— Мен қайдамын, керек сонда десе де болады. Күніне кемінде 2 рет кірмесем басым ауырады… Кейде өзімнің атымнан емес, қонақ болып келіп, сіздер ұсынған сыйдан алып, дәм ауыз тиіп кететін де күндер болады)
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
—Шыны керек, керектегі әрбір жазба өзінше әсерлі.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
—Мына қолданушыныкі ұнайды немесе ұнамайды деп ешкімді бөліп жарғым келмейді. Барлықтарыңыздыкі ұнайды Скептик болуға үйретіп жүрмін өзімді. Әйтпесе, мен барлық нәрсені жүрегіме жақын қабылдаймын емес пе? Қазір, сол өмірге реалды көзқараспен қарауға бейімделіп жүрмін. Тым романтик болудың да қажеті жоқ екенін түсіндім…
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымның ешқайсысы оқымайды. Бірақ, жүрген жерімнің бәрінде барынша жарнамалап жүремін енді, керекті.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Сайттың дизайнын өзгертер едім. Керекинфоның өзінің жеке офисын ашып, көптеген қолданушыны жұмысқа алып, сайтты дамытар едім. Онлайн-режимде біраз жоба ұйымдастырар едім… Негізі, атқарылып жатқан жұмыстардың бәріне көңілім толады! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
