Ескі архив · 21.12.2011 16:09

Жаңа Жылға дайындық

Қарап отырсам, Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалыпты. Әне-міне дегенше, келер апта соңы биылғы жылмен де қош айтысатынымыз еске түсіп кетті. Жұмыстың түбі көрінер емес, әйтсе де, кофе, шай ішетін уақытыңызды креативке арнауға кеңес беремін. Төменде көрсетілген әдіспен қағаздарды қиып, мүмкіндік болса бояп, іліп қойса, мерекелік ерекше көңіл-күй орнайтынына сенімдімін. Өзім де бүгін қызық көріп, бар шаруамды ысырып қойдым да, қайшы, қағазбен отыра кеттім. Нәтиже жаман болмаған сияқты. Сіздерге де сәттілік! ПыСы: Кішкентай балақандармен жасаған тіптен қызық болатын сияқты, оларды да дайындау процесіне тартыңыздар. Вуаля! Суреттер Фрешер сайтынан.
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту