Ескі архив · 22.12.2011 17:07

Назарбаев келді, Көшербаев кетті!

Маңғыстау облысын енді Бауыржан Мұхамеджанов деген кісі басқарады. Маңғыстау халқы зәрезап болған Көшербаевты орынтағынан алды. Негізі әуел естігенде қуанғандай болдым да артынан бірден басылдым. Эхх… Күрсінетінім сол, жаңа әкіміміз бұрынғы қызыл жағалы екен. Яғни экс Ішкі Істер Министрі. Осыған дейін сенатор болған. Жақсылықтың нышанын күтіп тұрған жоқпын. Әлбетте, бейбітгілік тілейміз. Алайда, ауылдағылар бұл жігітпен де ымыраға келе қояды деп ойламаймын… Бір Аллаһ қайырын берсін! Көрейік… Бәлкім оңалармыз… Айтпақшы: Бұл кісі туралы ақпарат интернетте қат па деп қалдым. @Janasil -ға рахмет! Өмірбаяны: Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов — 1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы Мерке ауданының Мерке ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер. Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі». 1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті. 1990 жылдың шілде айынан -ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі. 1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1992 жылдың қаңтар айынан — ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі. 1993 жылдың қаңтар айынан — ҚР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі. 1994 жылдың ақпан айынан — ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңна- ма бөлімінің меңгерушісі. 1994 жылдың маусым айынан — ҚР Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтықсараптама бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдың қараша айынан — ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдың желтоқсан айынан -ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың қазан айынан — ҚР әділет министрі. 2000 жылдың қыркүйек айынан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2002 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2003 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2005 жылдан — ҚР ішкі істер министрі. 2009 жылдың сәуір айынан бері — ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Авторы:
timurrr

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту