Ескі архив · 23.12.2011 07:52

Геймер бақа

Тенгриньюс сайтынан тауып алдым: YouTube сайтында қазір төмендегі видеодағы мерген бақа жұлдыз болып жатыр екен. Қазіргі жағдай бойынша 1970986 рет қаралып, 20157 адам ұнатса, 225-і жақтырмапты. Оңтүстік Кореяда бір қолданушы Интернеттен шыбын-шіркей өлтіретін ойынды мобильді құрылғысына жүктеп алып, үйінде асырап жүрген бақасына ойнатып көрген ғой (еріккен ептібайымайд ). Содан не болғанын өздерің мына видеодан көріңдер: Бұл видеоның жарияланғанына, негізі, үш-ақ күн болған. Сонда да әйтеуір бір күні бояннн болады ғой деген оймен осы қауымдастыққа жариялап отырмын.
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту