Жігіттің қызға кеңесі
Жақсы жігітті кездестіру деген қыздардың осы күнгі остросоциальная проблемасы туралы сөз қозғаған екен бір жігіт форумдардың бірінде. Сөз соңында төрт-бес кеңес беріпті. Толып жатқан глянцевый журналдардағы сияқты емес, немесе бір діни ережелерге де ұқсамайды. Отбасын құрған жас жігіттің қарапайым, ненавязчивый кеңестері. Ол жігітпен толықтай келісемін, және төмендегі пунктер әрдайым қыз-келіншектердің жадында жүрсе екен деймін.
Орысшадан аудармасы. Жұпыны лексикамды кешірерсіздер )
1. Тыңдауды үйреніңдер. Естуді білгенмен, тыңдау қолымыздан әрқашан келе бермейді. Айтылған сөзді естдік, ал оны айтқан адамды естідік пе? Оның жан ауруын сезіндік пе? Жетістіктеріне қуандық па? Тыңдау білетін адам әрқашан да жоғары бағаға ие, әсіресе ерлер үшін. Ер адамды бар ынтаңмен тыңдап, сөзін құптап отырсаңдар, ешқашаң ұтылмайсыңдар. Жақсы сөзге жомарт болыңдар, ерлер де әйелдер сияқты мақтағанды жандары сүйеді.
2. Ақылмен киініңдер. Бір танысым статусына: «Қармақ жемің қандай болса, ұстағаның да сондай болады», — деп жазыпты. Денеңнің «қызықтыратын» жерлерін келістіріп ашып қойып киінсең, еркектерді топырлатып құлатуға болатыны түсінікті ғой. Бірақ, бұл ауға тек қана бұзылған тауар түсетінін ұмытпаңдар. Өздерің іздеген өмірлік серік болатын сенімді жан емес олар. Басқа магнетизмді іске қосыңдар, сыртқы емес. Сонда ғана әдемілігіңді емес, өзіңді сүйіп қалатын адамды кездестіру мүмкіндігі артады.
3. «Москва слезам не верит» фильміндегі Муравьеваның кейіпкері шарасы таусылғаннан, зираттардан әйелдері қайтқан еркектерді іздейді. Мүмкін жақсы стратегия шығар, әйтсе де бәріне бірдей емес. Менің кеңесім осыған ұқсас. «Рухани» орындардан іздеңдер. Адам жанының ең жақсы қаиеттері – адамсүйгіштігі, жанашырлығы көрінетін орындардан қараңдар. Ең жақсы орын – мешіттір, шіркеулер, синагогалар, костелдер. Жастардың көбі қазір атеист. Оларды да гуманитарлық көмек, қайырымдылық акцияларын өткізетін ұйымдардан іздеңдер. Өзінің уақыты мен ресурстарын әлемді жақсарту жолына риясыз жұмсап жүрген адамдармен қорықпай отбасылық қарым-қатынас құруға болады. Риясыз жасалған іс, тегінде, өсіп-пісуіңе, дамуыңа көптеген мүмкіндіктер сыйлайды. Түнгі клуб, дискотека, бар, фитнес-клуб дегендерді тзімнен сызып тастаңдар. Түнгі клубта, әдетте, ұзақмерзімді жауапкершілікке дайын емес, бір күнмен ғана өмір сүретін адамдар «тусить» етеді.
4. Өзіңнен ізде. Күтпеген құбылыстарды — шыдамсыздық, ашушаңдық деген сияқты сыртқы әлеммен үндестікті бұзып тұратын қасиеттерді көруің мүмкін. Шыдамдылықтың кішкентай өскінін байқасаң, оны сабырлық суымен аямай суара бер – жемістері көп күттірмейді. Сабырлылық – бақытты отбасының іргетасы.
5. Үйіңді жақсы ұста. Қазір дабырлаған қала дыбыстары әйел жанының нәзік әуенін тұншықтырып тастаған. Әйелдің жанының ерекшелігі – ол әрқашанда өзін құрбан етуге дайын, шексіз жомарт. Қаншалықты жомарт екені әзірлеген тағамынан көрініп тұрады. Жомарт болыңдар – молынан сый-құрмет көрсетіп үйреніңдер.
6. Дұға қылуды, сиынуды үйреніңдер. Өзіңнің наным-сеніміңе, дініңе сәйкес дұға оқып, не керектің бәрін сұраңдар. Бірақ, тәңірі сенің сұрағаныңды бермеуі мүмкін. Есесіне сен шынымен мұқтаж болып жүрген нәрсеңді береді. Ал енді атеист болсаңдар, күніне бірнеше рет іштей өзіңе де, өзгеге де жақсылық, бақыт тілейтініңді айтып жүріңдер.
Бұл жазылған кеңестер әйел бақытының шифр-коды емес, әрине. Бірақ соған апарар негізгі жолға жетуге көмектесетін волшебная тропинка шығар)…
Вива ла дива!
