Ескі архив · 24.12.2011 17:55

Анекдот =)

Сәрсенбі күні журфактың 5-ші жатақханасында Бекжан Тұрыспен кездесу болған. Кеш соңынан кейін Сағатбек Медеубек екеуі бөлмеге келіп дәмнен ауыз тиіп, әнін айтып кеткен. Сонда мынадай қызық анекдоттар айтылды. Сіздерді білмейм, маған қызық көрінді. Бақыт Беделхан көлігімен келе жатқанда машинасын МАИ қызметкерлері тоқтатқан көрінеді. Ол болса: «Мен не бүлдірдім?»- деп тұрғанда, МАИлер Б.Беделханды ағаш арасында тұрған газельге алып барады. Сол оқиғадан кейін, Бақыт Беделхан бір тойды басқарып тұрғанда кілең МАИлерді шығарса, барлығы әйелдерінің артында тұрған көрінеді. Сонда тамада болып жүрген Бақыт Беделхан: «Бұлар жолда ағаштың артында, ал тойда әйелдерінің артында тұрады» — депті.
Авторы:
manshukn

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту