Қазақ байыса...
Бүгін таңертең радиодан жаңалықтарды тыңдап отырып, мынадай жағдайды естідім.
Биыл жалпы бюджеті 1 млн доллардан асатын понт қуған жаңажылдық корпоративтер саны бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші орында тұр екен, мұнайшыларғатөртжүзмыңайлықтөлегендеріңдіссс…
Екінші орын Әзірбайжанда, үшінші орынға әупірімдеп Ресей ілігіпті…
Солай опшым…
Пы.сы. Айтпақшы биылғы ЖЖ корпоративтерінің тенденциясы — корпоративте сізді құттықтауға Аяз ата мен Ақшақар емес, кәдімгі роботтар келеді екен, үдемеліиндустриалдыинновациялықдамуынссс…
Ол роботтар келген қонақтарды қарсы алып, аз-мұз әңгіме айтып, қыздарға қырындауды да қатырады екен, еркектапшылығынссс… Уоот… Не ғо, ана роботтар бәрін өздері біліп, аса қымбат программаланған техниканың озыө үлгісі деп ойлап қалмаңдар, просто оларды мына жақта сіз бен біз сияқты қарапайым жігіттер басқарып отырады екен… егер ондай робот көрсеңдер, қыздар виртуалда ботпен, әрі кетсе фейкпен әңгіме айтқандай күй кешесіңдер…
Анау-мынау, егжей-тегжейлерін білгілерің келсе, Тенгри ҒМ радиосының журналистеріне хабарласыңдар, менің естігенім осы болды…
