Әншілер қалай күн көрмек...
Мына посттан соң
Биыл, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы Жаңа жылдық корпоративтік кештер өткізбейтінін баршаңыз естіген боларсыз. Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты Қазмұнайдың барлық еншілес компаниялары да «гулянкадан» бас тартты. Бірақ, мәселе мұнда емес. Бүгін редакцияда, осыған қатысты әншілердің пікірін білейік деген ой туды. Содан телефон соқтық.
Илья Уразаков, продюсер
«Біз мерекелік корпоративтерді өткізбеу туралы шешімді қолдамаймыз. Біз бұған бірнеше ай бұрын дайындала бастаймыз, заказдар қабылдаймыз. Ал, енді бірер күн қалғанда, ештеңе болмайды деп хабарлағандары, біз үшін жай түскендей болды. Біз нансыз қалып отырмыз.»
Нұрлан Абдулин
«Ең бастысы халықтың жағдайы. Компания Жаңаөзендегі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге міндетті. Мерекелік кештерді өткізбегендері дұрыс. Менің ойымша, әртістер де бұл бастаманы қолдауы керек.»
Ерболат Құдайбергенов
«Маған компанияларда не болып жатқаны қызық емес. Жұрттың бәрі тойлағысы келеді. Қазір, шынымды айтсам, мен адам көп шоғырланған жерлерде өнер көрсетуге қорқам. Тәртіпсіздіктер, жарылыстар қорқытпай қоймайды.»
Тлипонмен сөйлескен Әйгерім Оспанова атты әріптесім.
