Туған жылыма ұқсайды екем
Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.
сурет адресі
Желтоқсан айында туылғандар
Олар – сезімтал және көңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін-өзі ұстап тұра алмайды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай-шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағымсыз жайларға жиі себепкер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, өте нәпсіқұмар, дос-жолдастарының көп болғанын қалайды. Желтоқсанда туылған әйелдер – ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруасын жақсы көреді. Бала тәрбиесін басты мәселе санайды. Және де олар- сезімтал, қызуқанды, өкпені кешіре бермейді.
