Ескі архив · 26.12.2011 01:20

Тәжірибе - 1

Өткен жолы Бальзаминка (Гүлшат) әпкеміз "қыздар, тәжірибе алмасайық" деп өз асханасынан дәм таттырған еді. Бүгін «алаған қолым — береген» (!) деп, мен де төмендегі рецептіммен бөліссем. Таяқшалар (Трубочки) Құрамы: 1 маргарин 200 гр қаймақ (сметана) ұн сгущенка(варенка) Дайындалу жолы: Маргаринді бөлме температурасында ерітіп, оған қаймақты қосып араластырамыз. Үстіне ұн қосып, қамыр илейміз. Дайын болған қамырды 30 минут морозильникке салып қоямыз. Сосын оны 15 бөлікке бөліп келесі суреттегідей формаға келтіреміз. Алдын-ала қыздырылған духовкаға салып, пісіріп ( 180-200 градус температурада/ сарғайғанша) және ыдысқа баспалдақ тәрізді етіп орналастырып, арасына сгущенканы жағамыз. Дайын! Кішкене инфо қыстыра кетсем: незігі менің ас үйге икемім жоқ, оның үстіне үйде керемет «аспазшым» тұрғанда конкурент болу да қисынсыз Бірақ ара-тұра болса да, осындай тәттілерден тәжірибе жасаудан жалыққан емеспін. P.S. Мынаны дайындауды енді ғана үйреніп келе жатырмын, сондықтан аз-маз кемшіліктер бар. Әсіресе, формасында + логика да керек
Авторы:
araika

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту