АКУ-дің "КОДАГЫ"
Шертілмеген домбыра ек сол кезде
Қолтыққа жүн енді шыға бастаған
Соткамыз жоқ, хат жазамыз «тор көзге»
Құрбыларға он алтыдан аспаған
Өтіп жатты сондай күндер қалыпты
Білмейтін кез қадірін бұл Уақыттың
Қаладан АКҮ фотаапарат алыпты
Түсірем деп сәттерін әр бақыттың
Жүрген кездер вешір жасап әр едік
Ұстаздардан жасырынып әрине
Сол жылдардың суретінде бар едік
Отыз теңге төлеп соның бәріне
Таусылмапты АКҮ-дің бұл әні
Жанарымнан жас парламай жыладым
Күйіп кеткен сурет үшін ұялмай
Отыз теңге, отыз теңге сұрады
Жиі келед мен тұратын көшеге
Іліп алып мойынына «КОДАГЫН»*
« Енді келме, бәрібір бермейм» десем де
Күйіп кеткен сол бір құнын фотаның
Ал АКҮ қыз қылықты ғой өзінше
Мақтамаймыз ондай қызды бекер біз
Айта алмаймыз бірақ оның көзінше
Фотаапарат қашан алар екенбіз?
*-«Кодак» фотаапарат маркасы
Неге АКҮ-дің фотаапараты екенін мына жерді бассаңыз білесіз
