Цецедей циник цензормен цацкание
«Жаңа өзен»- деп бастағам мақаламды.
Үйдің артындағы,
Жардың астындағы
Кісінің қабағы түксиді:
«Болмайд, болмайд — Тақырып бір жаман сөзге ұқсайд...».
Үй артына үшбу хатым дайын еді:
«Ағасы, руым — танымдық,
Бөлімім — жағырапия,
Сөзіңе бағындық:
Мәселенки бірақ та:
Сіз айтқан жаман сөз —
қосылып жазылмай ма?»
Жіберген соң — ізе-шала хабар келді:
«Бөлек жазылғанмен,
Қосарлана айтылад.
Мұны жұрт оқид,
Сосын бекер толқид».
Өлеңімнің сықпытына күлгеніңмен — Тиісті кісілерден тиісті бағасын алған:
4 жыл жазамның
6 айы қалған.
