Ескі архив · 27.12.2011 08:20

Керектің Саяси Болжамдар Орталығы. Мүшейра-2

Сұрақ: Парламент Сайлауынан кейін Премьер-министр кім болады? Алғашқы дұрыс жауап иесіне сыйлық — өзі көрсеткен оператордың 5 000 бірлігі. Бір қолданушының тек бір ғана болжамы қабылданады. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, бірақ қызықты сараптама, логикалық тұжырым иесі кішкене арнайы сыйлығымыз бар. Орысша ресурстардан аударып салған қолданушыны Масқара Тақтасына іліп, лағынет айтамыз. Мүшейра жаңа премьер-министрдің кәндәлеттігі ұсынылған/қарастырылған тұста бітеді. Президент, Парламент бекіткен-бекітпегенін күтпейміз: қаззақтарда ондай болып көрмеген, жүрегіміз ұшып кетіп жүрер нақ. Бастаңыздар! Нелерің кетті, ұра беріңдер!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту