Ескі архив · 27.12.2011 20:56

Жауаптар

» Сұлтан Алпарслан 27 мың әскерлерімен Византия топырақтарында ілгерілеп келе жатқанда барлауға жіберген әскерлерінің біреуі алдына келіп, үреймен: «300 мың адамдық дұшпан әскері бізге жақындап келеді.» дегенде Алпарслан: «Біз де оларға жақындап келеміз» деген екен. » Сократ өлім жазасына кесілгенінде әйелі: «Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!» деп жылай бастайды. Сократ оған былай деп жауап береді: «Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді?» » Явуз Сұлтан Сәлім хан басқа да Осман патшалары секілді жорыққа аттанатын жерлерін құпия ұстайды екен. Бірде жорыққа шығарда уәзірлерінің біреуі қай өлкеге бара жатқанын қоярда-қоймай сұрайды. Явуз Сұлтан оған: «Сен сыр сақтауды білесің бе?» дейді. Уәзірі: «Әлбетте әміршім, білемін» дегенінде сұлтан: «Мен де білемін» деп жауап беріпті. » Франция үкімет мүшелерінің бірі саусағын картаның үстінде жүргізіп: «Ең бірінші осы жерді жаулап алуыңыз керек еді, сосын басқа жерлерді жаулай беретін едіңіз» деп Наполеонға сын айта бастайды. Сонда Наполеон: «Иә, оларды саусақпен жаулап ала беру мүмкін болғанда айтқаныңыздай істер едім» деген екен. » Бір философтан «Сіз сәттілікке сенесіз бе?» деп сұралғанда философ былай деп жауап қатыпты: «Иә, әйтпесе жақсы көрмейтін адамдарымның жетістіктерін қалай түсіндірер едім.» » Бір жиналыста бір жас жігіт түрік ақыны Мехмет Акифты кемсіту үшін: «Кешіріңіз, сіз мал дәрігерісіз ба?» деп сұрағанында, Акиф еш қынжылмастан: «Иә, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деп жауап беріпті. » Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бейшараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті. ДерекКөз: http://balalaralemi.kz/articles/view/224
Авторы:
Onlasyn

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту