Ескі архив · 28.12.2011 18:08

Қисайып алғым келеді

Тамақ ішкеннен кейін ұйқы неге қысады дегенде, бір қуақы адам ішің созылғанда, бетіңнің терісі төмен қарай тартылады деген екен. Менікі де сол, әбедте тамақ ішіп алғаннан кейін 15-20 минут қисайып алғың келеді. Менің әжем үнемі солай жасайтын, тамаққа отырарда қасына жастығын, көрпесін дайындап алып, 1-2 шесе шәйін ішкеннен кейін, қисая кететін… рахааааат-ай, біз сабаққа кетіп бара жатқанда әжемнің ауызы біртүрлі бүлкілдеп, ухілеп жататын, күлсең қарияға күл деген, әжемнің ауызы шынымен де күлкілі болатын, тісі жоқ болғаннан кейін ухілегенде еріндері ішке қарай кіріп, демін шығарғанда парақтай желбірейтін… мен қисайып алайын, оған дейін аяғымды уқалап беріңдер деп, ващеее кайф ұстайтын. Жұмыста отырып сол баяғы қисаюды аузыңнан сілекейің шұбырып, тұяқ серіппей ұйықтап кетуді армандаймын… сол 15-20 минуттық құс ұйқы орындалса, күні бойы сергек жүресің еще...
Авторы:
salta

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту