Ескі архив · 28.12.2011 20:11

Национал-көтриоттарға релакс-цитаталар

«Сөз жоқ Қазақстанға алақан жаятын күнге де жетеміз». ©Меркель «Астананың сәулетінің кереметтігі сондай, Флоренцияны қайта көргенде өкіртіп құстым».©Рим тұрғыны "Қазақстан Қытайды басып озатыны әлден-ақ белгілі, біздер қаңғып кететін шығармыз"© Қу Жың Тау «Жұмыс істеуге дым құлқым жоқ. Жасайсың-жасайсың, бірақ Қазақстан деген айбынды мемлекет бір қой озып кететінін білгенде, жұмысқа қолың бармайды» © Taiwan Semiconductor Inc. CEO-сы «Біләд ал ойбай, ал керек болса!»© Георгиос Папандреу «Адронды коллайдерге 4 млрд. долларды желге ұшырдық. Қазақтардан сұрай салуға болатын еді ғой?» ©CERN бас бұғалтыры «Дүниеде Қазақ деген сондай дана халық тұрғанда, біздің ілім мен ғылымды дамытқанымыз — тышқанның тірлігі сияқты» © Сеголен Руаяль «Марқұм Джобстың 30 жыл жасағанын қазақтар пачкісімен өндіріп жатыр, Америка ғылымының құлдырауына қалай ренжімейсің осыдан кейін?» © Наймен Стенсилл
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту