Ескі архив · 29.12.2011 18:51

Құдайдың үйінде төбелес шықты!

Вифлеемдегі (Иордан өзенінің батыс жағалауы) Исаның Туылуы базиликасында бүгін хай-вай шықты. Төбелесуші жақтар — осы храмды бірге ұстап отырған Грек Православ Шіркеуі мен Армян Апостолдық Шіркеуінің әулие әкейлері. Төбелес шіркеуді Рождествоға дайындап жатқан кезде шыққан. Жүздеген әулие әкей алдымен бірін бірі жек көретінін айтып, сосын лағнаттар айғайлап, еден жуатын швабралармен лап қойған. Тек келген мұсылман палестин полициясы ғана төбелесті тоқтатыпты. Төбелестің себебі — грек шіркеуінің әулие әкейі армян шіркеуіне тиісті территоряның еденін жуып қойыпты. Барлығын бастап жүрген армян жағы екен. Лібәдтар, бұлардың басы піспесе, біздерге не крест жорығы? Салыңдар корпоративте ылаңды, нақтар кілең!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту