Ескі архив · 29.12.2011 10:48

"Толағай" және "Маймақ қаз"

Қазақ мультфилімдері қатарына тағы да екі мульт қосылды. Бірі, Әбділдә Тәжібаевтың «Толағай» поэмасы бойынша түсірілген «Толағай» мультфилімі. Жалпы сюжеті бізге белгілі. Ауылын қуаңшылық жайлағанда алыстағы тауды ауылына көтеріп келетін жасөспірім жайлы. Екінші мульт көрген жандарға ой салатын туынды екен. Қаздар отбасысы аяғы маймақ (қисық) балапандарынан бас тартады. Сәйкесінше, балапандары жоқ отбасы бұл балапанды өз тәрбиелеріне алады. Жақын күндері өз көрермендеріне жол тартпақ мульттердің қысқаша сипаттамасы осындай.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту