Ескі архив · 31.12.2011 00:52

Ертеңіңді бүгін ойла (тәжірибе алмасу)

Алдын «Керекинфо» сорпасы. Арнайы бойдақтарға және уақытша әйелсіздерге тақырыбында түшпара дайындап қатырып алу жайлы жазған едім, бүгін соны аздап суретпен әрлеп түсіндіруге сәт түсіп тұр. Тақырыбымды Арайдың тәжірибе алмасу таяқшалар тақырыбының жалғасы деп ұғыңыздар. Алдымен шашты буып не өріп, басқа орамал тартамыз. Сосын қамыр илеп аламыз, суға тұз салып (жұмыртқасыз да болады) қамыр ауқаттыкіндей илейміз. Иленген қамырды иі қанған соң, жақсылап жаямыз, жайылған қамырды "қасиетті" шынымен кесіп аламыз. Бүгілген түшпараны тоңазтқышқа салып, қатырамыз. Қатырылған түшпараны пакетке салып, көп уақыт сақтауға болады. Ас дәмді болсын!
Авторы:
Zilola

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту