Ескі архив · 31.12.2011 22:16

Жаңа Жыл немесе 1 қаңтар мифтері

Миф №1: Жаңа жылдан бастап қойып кету Шеккіштердің мифі. Жаңа жыл жақындап қалған кезде «Бірінен бастап темекіні қоямын» деп жария етеді. Тастап кететіндер әрине бар шығар, бірақ көп жағдайда 1 қаңтар күні ұйқыдан тұрғанан кейін бірдеме ішіп жіберіп, бұл айтқыштар қайтадан темекі тартып отыра береді. Миф №2: 1 қаңтар туған күнім Туған күнін 1 қаңтарда тойлайтындар көп. Солардың қаншасы шынымен сол күні туған? Көпшілігі сол шамада туғасын әке-шешесі 1 қаңтар деп жазып жіберген. Сосын қарияларда көп кездеседі бұл туған күн. Бұл күнде туғандардың гороскопына сенбеңдер. Миф №3: Жаңа жылды қалай өткізсең жыл да солай өтеді Өтірік. Жәй ғана психологиялық амал. Адам барынша бұл күнді дұрыс жерде, дұрыс адамдармен, дұрыс жағдайда өткізгісі ғана келеді. Миф №4: Жаңа жылды тойламаймын Жаңа жылды тойламаймын, қазақтың жаңа жылы Наурыз дейтіндердің көпшілігі былайғы уақытта ел қатарлы демалып, сыйақы алып, құттықтап, құттықталып жүре береді. Бізде өйткені идеяға беріктік деген жоқ.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту