Мен ұсынатын бейнеклип
Қазақстандық Индиго тобын осы әннен соң кішкене болса да сыйлай бастадым. Кәсіби музыкант болмасам да (қателіктерін айта алмаймын), осы әннің ерекше өзіне тартып алатын әсерін байқадым.
Асылбектің өнеріне мектепте жүрген кезімде-ақ басымды игенмін, ал мына композиция Асылбекке деген ризашылығымды арттыра түсті.
Бұл Әнші жігіт кезінде «Пара нормальных» деген топтың мүшесі болған, естеріңізде «Хеппи енд» деген әні қалған шығар. Ал мына әннің орындалуы мен музыкасы еске еріксіз 90-шы жылдарды түсіреді екен.
